Ұзынағашта жоғалған жігіттердің екінші жүк көлігі табылды(фото)

2 399 просмотров

Ұзынағаш базарында мал сатып жүріп, із-түзсіз жоғалған үш жігіттен әліге дейін еш хабар-ошар жоқ. Ал бүгін олардың екінші жүк көлігі табылды.

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Өткен жексенбіде, яғни, 18 қыркүйек күні аталған базардан екі камазға 40 бас мал тиеп шыққан үш жігіттің өртенген бір көлігі 19 қыркүйекте Алматы-Астана тасжолына жақын маңдағы Қаншеңгел ауылынан табылған болатын.

Жедел іздестіру тобы бүгін Жамбыл ауданына қарасты Дегерес ауылы маңынан екінші жүк көлігін тапты.

08e0e0ee66b6c9ac10c511deb297269b_resize_w_520_h_

2c19ddde8bb991423c3ee9d20daeab01

Мүлде хабарсыз кеткен үш азаматтың туысқаны Адал Зарлыхан есімді жігіттің айтуынша, бүгін табылған екінші көліктің аккумуляторы ұрланған. Басқа жері аман. Күдіктілер оны алыс ауыл маңына айдап апарып, тастап кеткен. Өзге еш дерек жоқ. Біздің редакцияға табылған көліктердің фотосы мен видеосын жіберген Адал Зарлыхан інілерінің аман-есен табылуын тілеп отыр.

6d92fb19cf52d6be95f2d0c62f18399b

079ad81502324603e7bf5c707217c9b1

93fff89b815cb6d103cb68e68bc03284

ba9501919471deab289d5e61bd3bde5e

Мал саудасымен айналысатын 1979 жылғы Долданұлы Жарқынбек, 1973 жылғы Зарлыханұлы Мұқият пен Әлімхан Қадылбек есімді жігіттердің хабарсыз кеткені туралы кеше хабарлаған болатынбыз.

 

Загрузка...