Жезқазған қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы қоғамдық тәртіпті бұзуға қауіп төндіретін жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, – деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылғы 23-шілдеде “WhatsApp” желісі арқылы „қаладағы тұрғын үйлердің бірінің маңында террористер қолға түсіріліп, олардан қару және жарылғыш заттар тәркіленді„ деген ақпарат тараған.
– Аталған ақпаратты тексерген тәртіп сақшылары оның шындыққа жанаспайтынына көз жеткізген. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Жезқазған қаласының 29 жастағы тұрғыны ұсталып, ол жалған ақпарат таратқанын мойындады. Ұсталған азаматшаға қатысты ҚР ҚК 274-бабы 2-бөлімінің 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде, – делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.