Ақтөбе облысының әкімі өзіне әлеуметтік желіде „қытайларға заңсыз жер сатты„ деп жала жапқан азаматты сотқа бермек.
Бұл туралы облыс әкімі биылғы жарты жылдықты қорытындылаған баспасөз мәслихатында мәлім етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айдын Егеубаев атты әлеуметтік желі қолданушысы „Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тұрған кезде Бердібек Сапарбаев Үржар ауданынан 85 мың гектар жер телімін қытайларға сатып жіберген„ деп айыптапты.
– Біздің заңнама бойынша жер шетелдіктерге сатылмайды. Мен Үржар әкімінің бұл ақпаратты жоққа шығарғанын күтіп жүрдім, бізге осындай хат келіп түсті. Мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып жүрген кезімде 1 гектар жер де сатылған емес. Мен ол жігітті ешқашан көрген емеспін. Бірақ басқаларға сабақ болуы үшін оны мен сотқа бермекпін, – деді облыс әкімі.
Атап айтқанда, «Даремет» ЖШС-нің директоры Хванға (шамамен 30 мың га), «Ырғын» ЖШС-нің директоры Ізімғалиевке (8,7 мың га), «Манфагат» ЖШС-нің директоры Тасмұратовқа (48,9 мың га).