Жанболаттың Жазирасы сахнаға орамалмен шыққысы келетінін айтты

72 просмотров

Әнші Жазира Байырбекова  өзінің Инстаграм парақшасына орамал киіп түскен суретін жариялапты.

Бекер жарияламаған. «Сахнаға орамалмен шықсам, қалай қарайсыздар?» – деп жазған екен әнші инстаграм парақшасында.

Пікір сұраған әншіге желі қолданушылары: «Орамалмен де әдемісіз, шыға беруіңізге болады сахнаға», «жастарға жақсы үлгі болар еді», «сізге бәрі де жақсы жарасады», «бірінші кезекте анасыз, тақсаңыз дұрыс», «бұрынғыдан да әдемі болдыңыз», «нағыз қазақтың келіні екенсіз», «жақсы идея екен» деп жауап беріпті.

Әрине, әншіні сынағандар да кездескен. Олардың ойынша сахнаға орамал тағып шығу эстраданың сәніне сай келмейді. «Оның орнына  сахнаға сәукеле киіп, қазақы киімде шықсаңыз әдемі болады» деген екен олар.

Загрузка...