Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жамбылдың 15 студенті Оңтүстік Кореяда оқуы мүмкін

Академиялық әріптестікті жетілдіруге мүдделі отандық университеттердің қатары артып келеді. Сондай-ақ, Германия, Малайзия, Қытай, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Жапония, Ресей, Түркия, Латвия, Қырғызстан, Өзбекстан және тағы басқа мемлекеттермен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру шеңберінде әріптестік туралы келісімшарттар жасалып, ортақ білім беру қызметі жүргізілуде. Атап айтатын болсақ, осындай ортақ мақсат аясында 30-дан астам студент аталған жоғары оқу орындарында өз білімін жетілдіруге мүмкіндік алды.

Университетте оқытылатын корей тілінің мамандары арнайы шақыртылып, баспанамен қамтылды. Бүгінгі таңда 15 студент корей тілін меңгеріп, келесі оқу жылдарында Оңтүстік Корей мемлекетіне жолдамамен бару мүмкіндігіне ие болады.

Университет профессор-оқытушылары Қытай мемлекетінің жоғары оқу орындарында іс-сапарда болып, білім мен ғылымды инновациялау бойынша тәжірибе жинақтауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін шет мемлекеттерде жариялауға мүмкіндіктер алуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз