Жамбыл облысында кене шағып, қауіпті инфекция жұқтырған үшінші адам ауруханаға түсті

15 просмотров

Жамбыл облысы Сарысу ауданының үшінші тұрғыны соңғы айда қауіпті инфекциялық ауру жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды.

Бұл туралы облыстың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментіне 26-шілдеде сағат 16:30-да Сарысу ауданы Саудакент ауылындағы ауруханаға қырым-конго безгегі диагнозымен Өндіріс ауылының 74 жастағы тұрғыны жеткізілгені туралы хабарлама түсті”, – делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, аймақта шілде айында осы вирусты жұқтырды деген күдікпен Сарысу ауданының екі тұрғыны ауруханаға жатқызылған. Олардың жағдайы тұрақты, эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр.

Загрузка...