Жақып Асанов: Прокурордың азаматтық процеске қатысуы едәуір қысқаруда

23 просмотров

Азаматтық істер бойынша. Азаматтық процесте прокурор керек емес. Тараптар тең және прокурорлық қолдау түріндегі артықшылық ешқайсысында болмауға тиіс.

Бұл жерде өзіміздің қатысуымызды қысқартамыз. Ұлт жоспарының 26-қадамы бойынша екі жағдайда қатысамыз: өзі қорғана алмайтындарды қорғаймыз; қоғам мен мемлекеттің сөзін сөйлейміз.

Азаматтар бойынша түсінікті. Бұл әлеуметтік осал санат. Мүгедектер, қарттар және балалар.

Ата заңымыз сотта мемлекет мүдделерін қорғауға тек прокуратураны ғана міндеттейді.

Бұл маңызды. Әсіресе іс экономикалық қауіпсіздікке қатысты болса. «Қаражыра» ЖШС көмірді Ресейге шығарған. Рента салығын төлемеген. Бұл Кеден Одағының ішіндегі сату болғандықтан оны экспорт деп санамаған.

ШҚО соттары ЖШС ұстанымын қолдады. Біздің наразылығымыз бойынша Жоғарғы Сот бұл шешімнің күшін жойды. Олай болмағанда мемлекет жер қойнауын пайдаланушыларға бес жылға салықты қайтарар еді. Ал бұл дегеніміз 3,5 триллион теңге.

Загрузка...