Жаңа агенттіктің төрағасы Қайрат Қожамжаров болды

86 просмотров
Үкіметті қайтадан жасақтау кезінде бір министрліктен айырылдық. Ол агенттік ретінде құрылымын өзгертті. Оған басшы болып Қайрат Қожамжаров тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
«Қайрат Қожамжаров ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалсын„, — делінеді Елбасы қол қойған Жарлықта.

Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын.

Ол алдында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы қызметін атқарды.

Загрузка...