Жүргізушілер куәліктерінің мерзімі аяқталған соң оны емін-еркін ауыстыра алатын болады

455 просмотров

Енді куәлік ауыстыру үшін емтихан тапсырудың қажеті жоқ.

Бүгін арнайы баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев осылай мәлім етті деп хабарлады zakon.kz.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда ҚР Парламенті Мәжілісінде осы мәселеге қатысты заң жобасы қаралып жатыр. Халық қалаулылары қазір құжаттағы жүргізушілердің куәліктерін ауыстырар кезде емтихан тапсыруы қажеттігі жөніндегі бапты алып тастамақ. Ал, мерзімі өткен куәліктерді өткізуге 1 жыл уақыт беріледі.

Сондай-ақ, алдағы уақытта еліміздің ішкі істер министрлігі Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай менПавлодар қалаларының арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтардың тіркелген жеріне қарамастан жүргізуші куәліктерін беру мәселесін де қарастыру үстінде.

Загрузка...