Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Өзбек өзгерді! Мирзиёев Өзбекстанды өркендетіп жатыр

134

Жарлық бюрократиялық кедергілерді жойып, ел экономикасына тартылған инвестицияларды қорғайды.

2017 жылғы 1-қаңтардан бастап, кәсіпкерлік субъектілеріне жоспардан тыс тексерістердің барлық түрлері, сондай-ақ олардың қызметін қарымта тексеру, оның ішінде, қылмыстық істер бойынша, жүргізілмейтін болады.

Ондай тексеріс тек қана Республикалық кеңестің шешімімен жүргізілетін болады, оның өзінде тексеріс бір жұмыс күнімен шектелген.

Сөйтіп, бақылаушы органдардың кез келген кәсіпорынды және кез келген сәтте тексеру тәжірибесі тоқтатылатын болады.

Бұдан бөлек,

кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салу түріндегі қылмыстық жазаға тартуға тыйым салынған.

Аталған нормалар кәсіпкерлік субъектілерін қос жазаға тартылудан құтқарып қана қоймай, сонымен қатар заңды алғашқы рет бұзған азаматтарға өз кінәсін жуып-шайып, өз қызметін ары қарай ешқандай жағымсыз салдарларсыз жалғастыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, елдің Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстеріне, Салық кодексіне және басқа да бір қатар заңдарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Жеңілдіктерге ие болған бизнес қорғауға да алынады

Өзбекстан парламенті жанынан кәсіпкерлік субъектілерін қорғау жөніндегі өкілетті орган — бизнес-омбудсмен құрылатын болады. Оған тексерістер кезінде кәсіпкерлік субъектілеріне құқықтық қолдау көрсету бойынша өкілеттіктер берілетін болады.

Өзбекстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында

шетел инвестициясы бар жаңадан құрылған кәсіпорындарға 5 жыл бойы тіркеу күні қолданыста болған салықты төлеу құқығы беріледі

Бұл жеңілдік құйылған инвестицияның сомасына қарамастан, шетел инвестициясы бар барлық кәсіпорындарға қатысты.

Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің экспорттық контрактілерін кеден органдарына есепке қою жөніндегі талап та күшін жояды.

Еркін экономикалық аймақ — жаңа серпін

Сондай-ақ Самарқан облысының Ұргұт ауданында жаң еркін экономика аймағы құрылатын болады.

Қазіргі күні Өзбекстанда үш еркін экономикалық аймақ әрекет етуде, олар инвесторларға бизнес жүргізу үшін жеңілдіктер мен ерекше мүмкіндіктер ұсынып отыр. Олар – 2008 жылы Науаи облысында құрылған „Науаи„ еркін экономикалық аймағы, 2012 жылы Ташкент облысында құрылған „Ангрен„ арнайы индустриалдық аймағы және 2013 жылы Сырдария облысында құрылған „Жизақ„ арнайы индустриалдық аймағы .

Статистика не дейді?

Ресми мәліметтер бойынша, Өзбекстанда шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 56,5 пайызға жеткен. Бұл салада ел халқының еңбек қамтылған 78 пайызы еңбек етеді. 2016 жылғы 1-қаңтардағы мәліметтерге сәйкес, Өзбекстанның шағын бизнесінде 10,178 млн адам еңбекпен қамтылған немесе экономикада еңбекпен қамтылған халықтың 77,9 пайызы.

2016 жылғы қаңтар-наурызда олардың экономикадағы үлесі келесі көрсеткіштерге тең болды:

  • өндірістік өнімнің жалпы көлемінде 37,3 пайыз (2015 жылғы қаңтар-наурызда — 32,6 пайыз),
  • бөлшек сауда айналымында — 88,8 пайыз (85,2 пайыз),
  • қызмет көрсету саласында — 57,1 пайыз (56,5 пайыз),
  • жүк тасымалдауда — 41,5 пайыз (39,4 пайыз),
  • жолаушылар тасымалдауда — 89,5 пайыз (87,4 пайыз),
  • еңбекпен қамтуда — 77,1 пайыз (76,7 пайыз).

Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 211 350 бірлікті құрайды. 2015 жылы шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлік субъектілері $3,46 млрд өнімін экспортқа шығарған (жалпы экспорт көлемінің 26,9 пайызы), импорттағаны – $5,52 млрд өнімі ( барлық импорттың 44 пайызы).

Енді Өзбекстандағы іскерлік белсенділіктің еселеп өскенін күткен жөн шығар.

Дереккөз

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз