​Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

276 просмотров

Қытайдың Энергетика істері жөніндегі басқармасының қызметкері Вэй Пэнъюань 31 млн доллар пара алғаны үшін өлім жазасына кесілген. Үкім екі жылдан кейін орындалмақ.

БАҚ дерегі бойынша Вэй Пэнъюань аталған басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып, көмір саласына жауапты болған.
Әдетте Қытай сотының өлім жазасына қатысты үкімі жылдам орындалады. Ал егер сот өлім жазасы туралы үкім шығарып, оны орындауды кейінге шегерсе, сотталушының ажалдан аман қалуына мүмкіндігі бар.

Жасаған ісіне өкініш білдіріп, түзелуге талпыныс танытса оған кесілген үкім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе ұзақ уақыт абақтыға қамау жазасына алмастырылуы мүмкін.

14766899642224518444

Дереккөз: Қазақпарат

Загрузка...