Қытайдың Хэнань аймағында отбасындағы жалғыз балаға қарт ата-анасына күтім жасауы үшін 20 күндік кезекті демалыс беру қарастырылды. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, russian.news.cn хабарлайды.
Осыған орай, Хэнань аймағының билік өкілдері ата-анасының жасы 60-тан асқан қызметкерлерге қосымша демалыс беруді ойластырып отыр.
“Бір отбасы – бір бала” саясаты Қытайға 1970 жылы енгізілген болатын.
Өткен жылдың соңғы айында бұл саясаттан түбегейлі бас тартқан-ды. Бұған жергілікті тұрғындардың жылдам қартайып, қытайлық азаматтардың наразылық білдіруі себеп болған.
2050 жылы Қытай халқының төрттен бір бөлігін 65 жастан асқан тұрғындар құрайтын болады.