Қытай елшілігінде теракт жасаушылардың тәжік төлқұжаттары ИМ мүшелеріне тиесілі

107 просмотров

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі 21 жастағы Фирдавс Бободжонов пен 33 жастағы Зоир Халилов қазіргі уақытта «Ислам мемлекеті» террористік тобының қатарында жүр деп мәлімдеді.

ІІМ мәліметі бойынша, олар қазір іздеуде әрі олардың аттарына тіркелген құжаттардың Қырғызстанда бөгде адамдардың қолдарына қалай тап болғаны түсініксіз.

«Бішкектегі террористік актіні «Әли» деген лақап атқа ие Қырғызстан азаматы Иззатилло Сотибоев жасаған. Оның қолында ИМ мүшесі, Тәжікстан азаматы Фирдавс Бободжоновтың төлқұжаты болған», -делінген хабарламада.

Үстіміздегі жылдың мамыр айында Фирдавс Бободжонов Сирияда болған. Оның үстінен Тәжікстанның құқық қорғау органдары шетелде соғыс әрекеттеріне қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғаған. Қазір тәжіктің арнайы қызметі Фирдавс Бободжонов пен Зоир Халиловты іздеу үстінде.

Қырғызстанның арнайы қызметі 6 қыркүйекте Бішкектегі Қытай елшілігінде теракт жасаған адамның аты-жөні белгілі болды деп мәлімдеді. Олардың біреуі ұйғыр азаматы екен, қолында Зоир Халиловке берілген тәжік төлқұжаты болған. Ол Түркістанның ислам қозғалысының мүшесі болған. Сириядағы «Жабхат ан Нусра» ұйымымен байланысы бар ұйғыр террористік тобының тапсырмасы бойынша теракт жасаған.

cb5cfd7d-305d-4524-a80e-1e0fdaec8508_w987_r1_s

Загрузка...