Қырғызстандағы күшті жер сілкінісінің белгілері Алматыда да сезілді

45 просмотров

Қырғызстанда 6,3 балды жер сілкінісі болды.

Қырғызстанда болған күшті жер сілкінісінің белгілері Қазақстанда да сезілді, – деп хабарлайды Stan.kz.

«Геофизикалық зерттеу институты» қазақстандағы мемлекеттік кәсіпорын орталығы жер сілкінісінің магнитусы 6,3 екенін бағалады.

Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелі-методикалық экспедициясы өз кезегінде жер сілкінісінің магнитудасы 6,5 екенін мәлімдеді. Оның мәліметінше, Шымкент пен Тараз қаласында жер сілкінісі белгісі 3 балды құраған. Ал, Алматыда 2 балды белгісі байқалған.

Жер сілкінісінің уақыты Астана уақыт бойынша 17,17 сағатта болған.

Эпицентр Бішкек қаласынан 381 шақырым, Ош қаласынан 117 шақырым жерде орналасқан.

Загрузка...