Қырғызстан допинг дауынан соң Риодағы жалғыз жүлдесінен айрылып қалды

67 просмотров

Спорттық арбитраждық сот (CAS) қырғыз ауыр атлеті Иззат Артықовтың қола медалін қайтарып алды. Артықов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен еді.

18 тамыз күні шыққан шешімге сәйкес, атлеттің допинг-сынамасынан рұқсат етілмеген зат — стрихнин табылды. CAS мәліметіне қарағанда, Артықов жарыстан шеттетілді және жүлдесінен айрылды.

Қырғызстан ұлттық құрамасының ауыр атлетика бойынша бас бапкері Үсенхан Майназаровтың Азаттыққа хабарлауынша, «бұлай болуы мүмкін емес еді».

Еске салайық, 10 тамызда Иззат Артықов 339 келі көтеріп, қола жүлдегер атанды. Бұл қола — Риодағы Ойындарда Қырғызстан құрамасының қоржынындағы жалған медаль еді.

Загрузка...