Қырғыз парламентіндегі басым орынға ие коалиция ыдырады

21 просмотров

Бұл қырғыз үкіметінің кезекті отставкасына байланысты болуы мүмкін.

„Парламенттің басым бөлігін құрайтын Қырғыз әлеуметтік демократиялық партиясы саяси көзқарас қайшылықтарына байланысты ыдырады„ деп хабарлады осы партияның көшбасшысы Иса Өмірқұлов.

Ол бұл шешімнің коалиция отырысында қабылданғанын айтты. „Өйткені коалицияға енетін фракция колиция қолдаған референдумға қарсы шықты. Сондықтан осындай шешім қабылданды„ — деді Өмірқұлов.

„Бүгінгі таңда министрлер кабинетін қайтадан құру, үкімет басын ауыстыру мәселесі әлі шешілмеген күйі ашық қалып отыр, тек коалицияның ыдырайтындығы туралы ресми мәлімдеме жасалды„ — деді Қырғыз парламентінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, Қырғыз республикасы Жоғары Кеңесінде басым орынға ие коалиция құрамына 4 фракция енеді: ҚСДП, Атамекен, «Онугуу-Прогресс», «Қырғызстан».

Загрузка...