«Қылжақбас» атты америкалық хакер Ресейдің зәресін алуда

261 просмотров

Ресейдің сыртқы істер министрлігі мекеменің ресми сайты бұзылғанын растады. Министрлік өкілі Мария Захарованың мәлімдеуінше, қазіргі таңда министрлік мамандары хакерлік шабуылдың артында кім тұрғанын анықтап жатыр.

CNN телеарнасының хабарлауынша, америкалық The Jester («Қылжақбас») атты хакер ресейлік сыртқы істер мекемесінің сайтын бұзып кіріп, АҚШ-қа кибер-шабуылдарын доғару талабы туралы хабарлама тастап кетті. «Бәлкім, сіздер көрші елдерге сес көрсете алатын шығарсыздар, бірақ Американы қорқыта алмайсыздар. Мұнда бұл әрекетпен ешкімді таңқалдырмайсыз», – делінген бұл хабарламада.

CNN мәліметі бойынша, хакер ірі америкалық сайттар мен сервистер, атап айтқанда — Twitter, PayPal, Amazon, Spotify, Ebay, Netflix және Vox-қа жасалған кибершабуылдарға қарсы жауап берген. ФБҚ және АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік министрлігі тергеу жүргізіп жатыр.

Қазан айының басында Құрама Штаттар билігі Ресейді америкалық сайлау науқанына араласу мақсатымен жасалған хакерлік шабуылдарды ұйымдастырды деп айыптады. Мәскеу бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр. Кейінірек АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы ресейлік кибероперацияға жауап дайындап жатқаны белгілі болды.

bez-nazvaniya

Загрузка...