Утилизация басталды: ескі мәшинесін өткізгендерге 315 мың теңге төленеді

183 просмотров

2016 жылдың қазан айынан бастап Қазақстанда көлікті утилизациялау бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды kolesa.kz порталы.

Енді халықтың ескі-құсқы, жаман көлігі үшін Үкімет өтемақы ретінде 315 мың теңгенің сертификатын береді. Бірақ ол сертификатты алу үшін көлік жүріп тұруы керек, әрі қожайынының меншігінде кем дегенде алты ай уақыт болуы тиіс.

Сертификат алған адам соның көмегімен 12 айдың ішінде тек Қазақстанда құрастырылған жаңа көлікті сатып ала алады. Сертификатты пайдаланып өзге елде жасалған көліктерді сатып алуға рұқсат бермейді.

Қазақстанда құрастырылған көліктердің сатылымын мейлінше көтеру үшін, утилизациялау бағдарламасы еліміздің барлық өңірлерінде жүргізілмек.

Загрузка...