Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

УЕФА ресейлік жанкүйерлерге қатысты тәртіптік іс қозғалғанын мәлімдеді

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұл іс расизм, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу және пиротехника қолдану бойынша ашылған.

„Егер қос команданың жанкүйерлерінің бұзақылығы қайталанса, онда Англия және Ресей құрамалары Еуропа чемпионатынан шеттетіледі. УЕФА-ның мұндай санкция қолдануға толықтай құқы барын ескертеміз„ делінген UEFA-ның ресми мәлімдемесінде.

Ресей мен Англия құрамалары кездесуі алдында Марсельде қос тараптың жанкүйерлері арасында қақтығыс болғанын қала полициясының басшысы Лоран Нуньес растап отыр. Төбелес кезінде 30 адам зардап шеккен, оның ішінде 50 жастағы бір ағылшын азаматы ауруханада әл үстінде жатыр делінеді.

Ресей спорт министрі Виталий Мутко стадион қауіпсіздігі жақсы қамтылмағандықтан да осындай жағдайлар орын алып жатыр деп мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз