Әуе лайнерінің бортында шылым шеккен шетелдік ұшақтан түсірілді

27 просмотров

Алматы әуежайында ұшақ бортында шылым шеккен неміс азаматы ұшақтан түсірілді, — деп хабарлайды Қазақстан Респбуликасы ІшкіІсМині Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлердің айтуынша, 8-маусым күні сағат 00.15-те Алматы қаласының Желілік полиция бөліміне «Алматы Халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының диспетчерлік қызметінен «Франкфурт-Алматы» бағытындағы әуе көлігінің бортында құқық бұзған азамат жөнінде хабарлама келіп түсті.

Тексеру барысында лайнер бортында  1981 жылы туылған Германия азаматының темекі шеккені анықталды.

Аталған факт бойынша, тәртіп бұзған 35 жасар Германия азаматы рейстен түсіріліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі 441 бабы 1 бөліміне (Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу туралы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, аталған азаматқа үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әкімшілік айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері  Көліктегі ІІД қызмет көрсету аумағында түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 28 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде, 2133 адам — рұқсат етілмеген жерде темекі шеккені үшін.

Загрузка...