Уақытша үкімет мүшелері президент Атамбаевтан кешірім сұрауды талап етті

37 просмотров

Уақытша үкімет мүшелері Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Тәуелсіздік Күні салтанатында сөйлеген сөзіне қатысты мәлімдеме жасады. Мәлімдеме 31 тамызда кешке таратылды.

2010 жылы маусымдағы референдумды өткізу барысында және уақытша кезеңнің президенті мемлекеттік қызметін енгізу кезінде «ешқандай көзбояушылық» болмаған, делінген үндеуде. Барлық мәселелер референдумға шығарылды, халық не үшін дауыс бергенін білді.

Уақытша үкімет мүшелері президент Атамбаевтың бұрынғы президент Роза Отунбаеваға қатысты дөрекі сынына ашулы екенін мәлімдеді. Олар Атамбаевтың билікке Отунбаеваның арқасында келгенін еске салды. Мәлімдеме авторларының айтуынша, президент Отунбаева 2010 жылы Жогорку Кенеш депутаттарын сайлауды және 2011 жылы президент сайлауын әділ өткізіп берді.

Уақытша үкімет мүшелерінің мәлімдеуінше, олар Роза Отунбаеваның ар-ожданын қорғайды және президент Атамбаевтан көпшілік алдында кешірім сұрауын талап етеді.

Бұған қоса, олар қоғамның бейбітшілігі үшін 2010 жылғы сәуірде қабылдағанған шешімнің жауапкершілігін мойындарына алатынын мәлімдеді.

C4A00943-AA62-46A4-A371-46BD19620507_w987_r1_s

Загрузка...