Трамп: «Путин Обаманы сыйламайды. Онымен мен сөйлесуім керек»

40 просмотров

АҚШ президенттігінен үміткер Дональд Трамп егер жеңіске жететін болса, қаңтар айында болатын инаугурацияға дейін Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі мүмкіндігін айтты. Трамп АҚШ билігі сайлауға араласып отыр деп айыптайтын Ресей лидеріне жақын екенін білдірді.

Осыған дейін де Трамп Путинді құрметтейтінін, Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынастың қауіпті екенін ескерткен.

Оның пікірінше, проблема Путиннің АҚШ президенті Барак Обамаға деген құрметінің жоқтығында. Ол бұл жөнінде Майкл Сэвиджбен өткен ток-шоу кезінде айтқан. Трамптың пікірінше, шын мәнінде өте қауіпті жағдай туындап отыр.

«Егер мен 8 қарашада жеңіске жетсем, Путинмен қызметіме кіріскенге дейін кездесер едім», — деген Трамп 8 қарашада сайлау кезінде бұрмаланушылық орын алуы мүмкін екенін айтады.

f2e9d116-7184-4907-8f99-69728ceade68_w987_r1_s

Загрузка...