Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Тоналған-ақ екенбіз! Биыл 3 мың адам 1,5 триллион теңгесін «заңдастырып» үлгерді

156

Нәтижесінде,

2016 жылғы 1-тамызда Қазақстан экономикасына қайтарылған қаржының жалпы сомасы 1,336 трлн теңгені (2016 жылғы 2-тамыздағы бағам бойынша 3 795 454 545 АҚШ доллары) құраған.

Бұл ақша заңдастырылған мүлік жиынтығының 65 пайыздан астамын құраған (жылжымайтын мүлік пен құнды қағаздарды қоса есептегенде).

Қазірдің өзінде заңдастырылған ақша еліміздің 2015 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің 3,3 пайыздан астамын құраған.

Қазіргі орын алған қарқын жыл соңына дейін сақталса, заңдастырылған мүлік ЖІӨ-нің 8 пайызын құрап қалуы мүмкін деуге болады

l1

Көп түкірсе, көл

2016 жылдың қаңтарынан бастап, заңдастыруға арналған есеп-шоттардағы жинақталған ақшаның орташа мөлшері жарты миллиард теңгеден асып кеткен. Заңдастыру бойынша көшбасшысы қала – Алматы. Екінші нәтиже Маңғыстау облысында тіркеліпті.

Жағдайды сараптасақ,

заңдастыруға үлкен активтерді иеленген 3 мыңға жуық қазақстандық азаматтардың қатысып отырғанын байқауға болады

Бүгінде заңдастыруға арналған есеп-шоттардың еліміздің барлық аймағында ашылғанын байқауға болады, заңдастырылған қаржының жалпы көлемінде Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары үлесінің белсенді түрде артып жатқанын байқауға болады.

tsuekr-2

Нақты ескерту

Бұдан бұрын Қазақстанда екі заңдастыру өткізілген. Біріншісі, 2001 жылы өткізілді – ол кезде банктердегі арнайы есеп-шоттарға 480 млн доллар салынған болатын. Екінші заңдастыру кезінде (2006-2007 жылдар) тек ақшаны ғана емес, сондай-ақ жылжитын және жылжымайтын мүлікті заңдастыруға мүмкіндік берілді. Жанама мәліметтер бойынша, ол кезде ел қазынасына 6,8 млрд доллар түскен-ді.

Қазіргі заңдастыруды көптеген адамдар 2017 жылдан бастап күшіне енетін табысты жаппай декларацияға дайындық ретінде қарастыруда. Сарапшылардың пікірі бойынша,

заңдастыру 2017 жылы халықтың мемлекетке өздерінің қолында бар мүлік пен өз капиталының сомасын көрсету үшін қажет.

Өйткені, егер табысты көрсету кезінде заңсыз мүлік табылса, ол қылмыс ретінде танылатын болады.

2015 жылы Қазақстан президенті азаматтарды өз мүлігін заңдастыруға шақырды.

— Заңдастыру – табысты жаппай декларациялау алдындағы соңғы акт, яғни, мүмкіндік. Бұдан кейін, алдымен мемлекеттік қызметшілер, одан соң елдің бүкіл азаматтары табысын да, шығынын да толық мағлұмдап отыратын болады.
Мен бұрын ескерткенмін, тағы да қайталап айтамын – осы заңдастырудан кейін біз бүкіл әлем бойынша салықтан жасырылған ақшаны іздей бастаймыз, — деді Нұрсұлтан Назарбаев

Тағы қанша ақша заңдастырылуы мүмкін?

Заңдастыру басталмас бұрын ҚР қаржы министрлігі бұл шараның қомақты капиталды қайтаруға бағытталып отырғанын мәлімдеген еді.

Теңгемен есептегенде, бюджетке 12 миллиард ақшаны қайтару жоспарланып отыр

Бірақ мұндай қаржыны тартуға аталмыш шара екі тарапқа да тиімді болғанда ғана қол жеткізуге болады. Осыған орай, ҚР қаржы министрі мынадай мәлімдеме жасаған болатын:

— Мемлекет үшін заңдастыру — көлеңкелі экономика деңгейін төмендету және экономиканы жандандыру үшін қосымша резервтерді пайдалану. Өз қаржысын заңдастыратын азаматтар үшін ол өз ақшасын тазарту және оларды пайдалнудан нақты табыс табу мүмкіндігі болмақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз