Тоқтар Төлешовтың жаңа былықтары анықталды

136 просмотров

Шымкенттік атышулы бизнесмен, мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалды деген Тоқтар Төлешов басқарған «Шымкент сыра зауытының» қазіргі күйі қандай?

«Отырар» арнасы осыны анықтамақ болып, зауытқа арнайы барыпты.

«Қазіргі таңда зауыт ғимаратында айтарлықтай өзгеріс жоқ» дейді телеарна тілшілері. Бұрынғысынша жұмыс жүріп жатыр. Кәсіпорын жетекшілері біздің түсіру тобына бірден өндірістің ішкі жүйесін де көрсете бастады. Зауытта біршама уақыт бойы тоқтап тұрған сыраны бөтелкелерге құю жүйесі жақында іске қосылыпты. Уақытша жұмыссыз қалған азаматтар ісіне қайта кіріскенін айтады.

Бұған дейін жабық мекемелердің бірі болып келген зауыттың қазіргі басшылары Тоқтар Төлешовтың бірқатар былықтарының басын ашыпты.

Атап айтар болсақ, зауыттағы тұтас бөлімдеп Төлешовтың отбасына қызмет етіп келген.

– Мысалы, зауытта химиялық тазалау, Төлешовтың отбасына арналған жеке көліктер тұратын гараж, көлік жуу орны, отбасына арналған ВИП-асхана, арнайы бөлінген күзет агенттігі болған. Осының бәрі бір отбасына қызмет еткен. Зауытта Төлешовтың туыстары басшылық қызметтерде тіркеліп, ақша алып отырған.  4 әйелі компанияның бас директорының 4 бағыттағы орынбасарлары ретінде қомақты айлық жалақы алып отырған. Олардан басқа бизнесменнің балаларына арналып та штаттық бірліктер ашылып қойған. Барлығы тек қағаз жүзінде жұмыс істеген. Бірақ зауытқа келмеген. Оларға ай сайын төленген жалақы 2,5 миллион теңгеден асады

– деп хабарлайды телеарна.

«Осы тазарту шарасынан кейін біз ай сайын 40-60 млн теңге шамасында қаржы үнемдедік. Сол қаржы негізінде бүгінде айлық жалақы қарызын жаптық. Екі компания бойынша да қазір қарызымыз жоқ. Керісінше, қазір жұмысшылардың еңбекақысын 25-30 пайызға, кейбірінің айлығын 50 пайызға дейін көтердік. Ал жұмысшылардың бірде-бірін қысқартпадық. Қазір барлығы айлықты уақытылы алып жүр» дейді зауыттың қазіргі бас есепшісі.

Зауыт басшылығы нақтылағандай, «Төлешов барлық мерекелік іс-шаралары мен қымбат көліктерді сатып алу, тіпті, шетелдердегі демалыстарын зауыт есебінен жасаған. Зауыт кассасынан 8,5 млрд теңге алған. Яғни, кәсіпорын ұжымы бір отбасыға жұмыс істеген».

 

Загрузка...