Тоқаев Сафар Шәкеевтің тезірек табылуына тілектестік білдірді

40 просмотров

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы жоғалған қазақстандық композитор Еркеш Шәкеевтің жанұясына тілекші екенін айтты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Музыкашы Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафардың тезірек табылуына тілектеспін. Полиция мен еріктілер оны аман-есен табады деген үміттемін”, – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оны соңғы рет Әл-Фараби даңғылындағы “Казкоммерцбанк” жанынан таңғы 7.00-де көргендер бар. Ол үстіне алқызыл жейде мен көк джинсы киген. Оны осымен жетінші күн қатарынан іздестіріп жатыр. Достары мен жақын туыстары, полицейлер мен еріктілер оны іздеп бүкіл қаланы шарлауда. Сафар Шәкеевтің қайда екенін туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған.

Егер оны көргендер болса, онда мына нөмірлерге хабарласуын сұраймыз: 8 (747) 626-48-54, 8 (775) 478-87-71. Сонымен қатар 16 шілде күні таңғы 6-дан 9-ға дейін Әл-Фараби даңғылы Есентай өзені қасынан өткен көліктердің бейнетіркегішіндегі жазбалар да қажет.

Сафар Шәкеев жоғалған уақыттан бері полицейлер, достары және еріктілер іздеу шараларын қарқынды жүргізіп, мыңнан астам адамнан сұрау алынды. Бейнебақылау камералары мен әуеден түсірілген жазбалар қаралды. Қаланың барлық тұсына хабарландырулар ілініп. Олардың ішінде вокзал, қоғамдық көліктер секілді маңызды орындар да бар.

Ремизовка аумағы бірнеше мәрте тексеріліп, мұқият қаралды. Сол төңіректегі бос жатқан аумақ пен құдықтар, өзен мен жолдың бойы түгелдей тінтілді. Тіпті эсктрасенстер көмегіне де жүгінген. Сондай-ақ, Сафар Шәкеевті іздестіруші топ оның ұялы телефоны табылғаны туралы ақпаратты да жоққа шығарды.

Загрузка...