Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың арасында келіссөз өтті.
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты хабарлады.
Келіссөз барысында тараптар жақын арадағы болашақта өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ, екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың оң серпінін атап өтіп, қорғаныс саласындағы бірқатар мәселелерді талқылады.
Ресей Федерациясымен әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан мен Ресей президенттерінің уағдаластығы негізінде біздің тарапқа 5 дана С-300 зениттік зымыран кешені берілді. Одан басқа, ресей тарапы осы кешендерге 170-тен аса зениттік зымырандарды тапсыру жөніндегі мемлекетішілік процедураны ресімдеуді аяқтауда.
ҰҚШҰ шеңберінде мүше мемлекеттер арасында әскери мақсаттағы өнімді транзиттеу және әскери тасымалдауларды жүзеге асыру тәртібін жеңілдетуге мүмкіндік беретін мемлекетаралық келісім жасасу бойынша мәселе қаралды.