Талғат Ермегияевтің жазасын қайда өтеп жатқаны белгілі болды

178 просмотров

14 жылға сотталған  «ЭКСПО-ның»  экс-төрағасы  Астана түбіндегі   қатаң тәртіптегі түрмеде екен.

Бұл туралы Ктк хабарлады.

Онда 25 пен 60 жас аралығындағы ауыр қылмыс жасағандар, яғни адам өлтірген, қыз зорлап, ұрлық  істегендер жазасын өтеуде. Енді олардың қатарына Талғат Ермегияев те қосылды. Экс-төраға  абақтыдағы казармаға ұқсас салынған бөлмелерде тұрып жатыр.

Ол екі сағаттан  бастап  үш тәулікке дейін туыстары, балалары және әйелімен кездесе алады. Сондай-ақ, демалыс күндері спортпен айналысып, теледидар көруіне  рұқсат етілген.

Естеріңізге салсақ, Талғат Ермегияев 2017 жылы Астанада өтетін халықаралық көрмеге бөлінген бюджеттің миллиардтарын жымқырғаны үшін сотталған еді. Ермегияев  үкіммен келіспей,  қайта шағымданған. Бірақ апелляциялық сот оның жазасын өзгеріссіз қалдырды.

photo_186959

Загрузка...