Төрт жасар қызды өлтірген өзбекстандық бала күтуші кінәсін мойындады

160 просмотров

Мәскеуде Өзбекстан азаматы бала күтуші Гүлчехра Бобокуловаға қатысты сот отырысы басталды. Ол 29 ақпанда өзі бала бағушы болған үйдің төрт жасар қыздың басын кесіп алып, метро жанында «Аллах Акбар» деп айқайлап жүрген.

Айыпталушы кінәсін мойындады: «Мен айыбымды мойындаймын деп айтты», — деп хабарлады Бобокулованың аудармашысы Фарида Ханифова.

Бобокуловаға РФ Қылмыстық кодексінің 105 бап, 2-бөлімі (бала өлтіру), 167 бап, 2-бөлімі (өзгенің мүлкін қасақана өртеу арқылы жою) және 207 бап, 1-бөлімі (жарылыс туралы жалған ақпарат берді) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сот әйелді тұтқындау мерзімін 4 сәуірге дейін созды. Осының алдында тергеу комитеті психологиялық-психиатриялық сараптама нәтижесі бойынша бала күтушінің жүйкесі бұзылғаны анықталғанын, оған мәжбүрлі түрде емдеу ұсынылғанын хабарлаған.

6c386d3d-0e84-4eb5-b5f7-05e2b8ebd87b_cx0_cy7_cw0_w987_r1_s_r1

Загрузка...