Түркияда жарылыс болып, үш полиция қызметкері мерт болды

83 просмотров

Түркияның Газиантеп қаласында жанкешті өзін жарып жіберіп, 3 адам қаза тапты.

Құрбан болғандардың барлығы полицейлер деп хабарлады 24.kz.

Тағы 8 адам жараланған. Жанкешті жарылысты арнайы операция кезінде ұйымдастырған. Шара барысында тағы бір лаңкес өзін-өзі жарып жібермек болыпты. Алайда тәртіп сақшылары оған оқ атып, қауіптің алдын алған. Артынша күштік құрылым өкілдері 8 адамды қамауға алды.

Полицейлер қаскөйлердің сыбайластары болуы мүмкін деп қауіппен арнайы операцияны жалғастырып жатыр. Осы ретте тұрғындарға барынша сақ болу ескертілді.

Загрузка...