Түркиядағы терактіні Шешенстан азаматы ұйымдастырған ба?

1 534 просмотров

Стамбұлдағы терактіні Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан шыққан жанкештілер жасаған.

Теракт-в-Стамбуле-28.06.2016-фото-12Нақтылай кетсек, әуежай терминалдарына үш жанкешті шабуыл жасаған. Таксиден түсе сала олар адамдарды тексеруден өткізетін пунктілерге оқ жаудырған. Күзетшіні атып өлтіргеннен кейін, жанкештілер әуежайға басып кірген. Бұлардың екеуі осы арада өз-өздерін жарып жібереді де, біреуін полиция атып өлтіреді. Соңғысы өлерінің алдында беліндегі жарылғыш затты іске қосқан. 

Түрік билігінің өкілдеріне сілтеме жасаған Yeni safak басылымы «осы үш жанкешті Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары» деп хабарлайды. 

Бұл ақпаратты түріктің «Karar.com» ақпараттық агенттігі де растауда. «Терактіні 7 адам ұйымдастырған, ал орындаушылар  Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары» дейді агенттік тілшілері.  

Сонымен қатар, дәл осы басылым:

«террористік шабуылды Шешенстаннан шыққан Ахмед Чатаев ұйымдастырған» деп хабарлайды.

Чатаев 2013 жылы «Ислам мемлекетінің» қатарына қосылған екен.

Түріктің тағы бір басылымы Hurryiet-тің хабарлауынша, Стамбұлдағы терактіге қатысы бар жанкештілердің бірі Шешенстаннан шыққан Осман Вадинов.

«Вадинов Түркияға Сириядағы «Ислам мемлекетінің» содырлары жаулап алған Ракка қаласынан келген», – деп жазады басылым тілшілері.

Өз кезегінде Ресейдің құқық қорғау органдары Осман Вадиновтың Шешенстан тұрғыны екенін жоққа шығарып отыр.  

Террорды ұйымдастырды деген тағы бір Шешенстан тұрғыны Ахмед Чатаевқа қатысты ресейлік құқық қорғау органдары былай дейді: 

– Чатаевты 2012 жылы грузин-ресей шекарасының маңында Грузия полициясы құрықтаған болатын. Ол жарылғыш заттарды сатып алғаны және сақтағаны үшін айыпталған.  

Грузияның Ішкі істер министрлігі аталған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасайды деп күтілуде. 

Өз кезегінде Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған:

«Рамазан айында шабуыл жасау, лаңкесшілердің Исламға еш қатысы жоқтығын көрсетеді», — деді.

Ал жоғарыдағы мәліметтерге қатысты түрік билігі тарапынан әзір ресми мәлімдеме жасалған жоқ. 

Айта кетсек, жарылыстар халықаралық терминалдың алдында болды. Барлығы 42 адам қаза тапты. 200-ден аса адам жарақат алды. Құрбан болғандардың арасында Сауд Арабиясы, Ирак, Иордания, Туниса, Иран, Өзбекстан және Украина азаматтары бар. 

577446f8c03c111668cd089d

Загрузка...