Түркияда әскери төңкеріс жасамақ болған 1563 әскери адам ұсталды (видео)

84 просмотров

Түркияда әскери төңкеріс жасамақ болған 1563 әскери адам ұсталды.

Бұл туралы Түркияның үкіметі ресми мәлімдеме жасады деп Reuters агенттігіне сілтеме жасап, РИА Новости хабарлайды.

Алдында Ыстамбұлда ұсталған төңкерісшілер саны 600 деп жарияланған болатын.

Айта кетейік, Түркия билігі жұма күні түнде елде әскери төңкеріс жасау әрекеті болғандығын хабарлаған болатын. Ел президенті Ердоған бұны шағын бүлікшіл топ ұйымдастырып отырғанын айтып, халықты бүлікшілерге қарсылық көрсетуге шақырды.

Загрузка...