Түркияда нәзікжанды полиция қызметкерлерінің хиджап киюіне рұқсат етілді

54 просмотров

Түркияда әйел полиция қызметкерлері әскери киімнің бір бөлігі ретінде хиджап киіп жүре алатын болды.

Бұл туралы Resmi Gazete түрік басылымы жазады.

Аталған газетте жарияланған жарлыққа сәйкес, нәзік жанды полиция қызметкерлері әскери бас киімнің астынан орамал тарту құқығына ие болды, ол да әскери киім түсімен бірдей болуы шарт.

Алайда бұл жаңалық Түркиядағы саяси топтар тарапынан сынға ұшырап жатыр. Түркияның басты оппозициялық Халықтық-республикалық партиясы басшысының орынбасары Вели Акбаба бұл полицейлердің «әділетті болуына кері әсер етеді», деп атап өтті.

— Полиция қызметкерлерінің діни ұстанымын көрсетуі қоғамдағы алауыздықты күшейтеді, — дейді ол.

2013 жылы премьер-министр болып тұрғанда Тайып Ердоған үкіметі мемлекеттік қызметшілерге хиджап киюге салынған тыйым күшін жойған болатын.

Загрузка...