Түркия Премьері Ахмет Дәуітоғлы отставкаға кетті

28 просмотров

Түркия Премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы отставкаға кетті. Ел Президенті Реджеп Тайып Ердоған премьердің  отставкасын қабылдады.

10948683

Ердоған Дәуітоғлыдан жаңа үкімет жасақталғанға дейін қызметін атқаруды сұраған.

Осыған дейін биліктегі Әділет және даму партиясы кезектен тыс съезде өзінің жаңа төрағасын сайлаған болатын. Ол орынға Түркия  көлік, кеме шаруашылығы және коммуникация министрі Бинали Йылдырым келді. Түркияда  билеуші партияның басшысы міндетті түрде елдің үкіметін басқарады. Енді Ердоған Йылдырымға жаңа үкімет құруды тапсырады деп күтілуде.

Дәуітоғлы партия басшысы қызметіне өз кандидатурасын ұсынудан бас тартқан болатын.

Загрузка...