Түркия Еуроодақты босқындар келісімінен шығам деп қорқытты

50 просмотров

Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу ел азаматтарына визалық жүйеден бас тартқан жағдайда, Еуропалық Одақпен арадағы босқындар туралы келісімінен шығатынын ескертті. «Біз келісім шарттарын бірге орындаймыз, немесе барлығынан да бірдей бас тартамыз», — деді ол.

Түрік тарапының пікірі бойынша, Еуропалық одақпен визасыз жүйе енгізу босқындар туралы келісімнің бір тармағы саналады және ол тез арада орындалуы тиіс.

ЕО болса Анкара визаны алып тастау шарттарының барлығын орындамады деп отыр. Солардың бірі — террорға қарсы заңдарға өзгерістер енгізу. ЕО пікірінше, Түркия билігі бұл заңдарды саяси бақталастарымен күресте пайдаланып отыр.

Брюссель мен Анкара арасындағы келісім бойынша, Грекия жағалауларына жеткен барлық босқындар Түркияға кері қайтарылуы тиіс. Соған сәйкес, ЕО әрбір заңсыз босқынның орнына түрік аумағындағы бір сириялық босқынды қабылдауға міндетті.

Бұған қоса, Брюссель босқындардың қажеттілігіне 6 млрд евро беруге келісіп отыр.

Загрузка...