Төреғали Төреәлі «Алло» әнінің авторына «Гелендваген» сыйға тартты

314 просмотров

Танымал әнші Төреғали Төреәлі жан досы әрі өзіне бірнеше хит әндерді жазған ақын Қайнар Алагөзовке төрт аяғын тең басқан темір тұлпарды сыйға тартыпты. Бұл туралы  Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды. 

Бұл тарту бекер болмаған. Жақында Қайнардің ұлы өмірге келіпті. Осы себепті де әнші Алагөзовтер отбасына «Гелендваген» көлігін сыйға тартқан.
«Ұлымның есімін Әлихандай алып тұлға болсын деп Әлихан атадым. Төреғали ұлыма «Гелендваген» сыйлады», — дейді Қайнар.
Алайда ат ұстары ер жеткенге дейін «Алло» әнінің сөзін жазған Қайнар Алагөзов темір тұлпарды өзі жүргізбекші екен.
Айта кетелік, күні кеше ғана қазақ эстрадасындағы Төреғалидың басты бәсекелесі саналатын Қайрат Нұртас жақын досына 50 мың доллардың пәтерін сыйға тартқан еді.

getimage

Загрузка...