Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ұстаз депутат мұғалімдердің жалақысын 1 мың долларға өсіруді ұсынды

Депутаттың айтуынша, бүгінде Дания, Исландия және тағы басқа Еуропа мемлекеттерінде білім беру саласын қаржыландыру көлемі ішкі жалпы өнімге шаққанда 6-9 пайызды құрап отыр. Соның нәтижесінде Германия сияқты елде ұстаздардың жалақысы 4 мың еуроға дейін жетеді. Көрші Қытайда мектеп мұғалімдері кем дегенде 1 мың АҚШ долларын алады.

«Ал бізде мұғалімдердің еңбекақысы 40-50 мың теңгені құрайды. Сыныпқа жетекшілік еткені үшін 5 мың теңге ғана қосады. Ондай жүйемен білім беру саласын дамыту қиын. Қазақстан да білім беру саласын қаржыландыру көлемін ішкі жалпы өнімге шаққанда 6-9 пайызға жеткізуі тиіс»,- дейді депутат Смирнова.

Ирина Смирнованың еңбек жолының басым бөлігі ұстаздық етуге арналғанын баса айта кетелік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз