Бүгін ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне орай жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел соғады, солтүстікте бұршақ түсуі мүмкін. Тек республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысында ауа райы жауын-шашынсыз, – деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауады деп күтілуде, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысында жел тұрады, күндіз бұршақ түседі. Қостанай облысының кейбір аудандарында түнде және таңертең тұман байқалады, күндіз жел соғады.
Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Маңғыстау облысында, түнде және таңертең Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз Алматы облысында аптап ыстық күтіледі.