Солтүстік Кореядағы топан судан 133 адам қаза тапты

58 просмотров

Солтүстік Кореяда толассыз жауған нөсер соңына ұласқан су тасқыны 133 адамның өмірін жалмады. Тағы 400-ге жуығы ізім-ғайым жоғалып кеткен. Табиғи апат салдарынан 107 мың тұрғын үйлерін тастап, қауіпсіз орындарға көшірілді.

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Елдің көлік, энергетика және ауылшаруашылық саласына елеулі нұқсан келтірілген. Жергілікті метеорологтардың айтуынша, бұл соңғы 70 жыл ішіндегі ең алапат су тасқыны болып отыр. Одан Қытаймен арадағы шекараға жақын орналасқан Хамгён-Пукто провинциясы аса қатты зардап шеккен.

Қазір топан су салдарын жоюға ел әскері тартылды. Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қызыл крест өкілдері де көмек қолын созып жатыр.

navodnenie_kndr_5_650x410

Загрузка...