Өскемендік қызды көршісі өлтірді деген күдік бар

71 просмотров

 

14 жастағы Айым Ұлтомбаеваны көршісі өлтірді деген күдік бар. Тәртіп сақшылары күдіктінің өзге де қылмысқа қатысы бары мүмкін екендігін де болжайды. Бұл туралы жергілікті БАҚ-та мәлімет тараған.


Қазір күдікті кінәсін мойындаған. Полиция Айым Ұлтомбаеваны өлтірген адам өзге қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкіндігін растады. Белгілі болғандай, күдікті бұрын сотталған. Оқушының мәйітін тапқанда, ол өзге қылмыс бойынша тергеу оқшаулағышында болған. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қыздың туыстары күдіктіні өмір бойына қамауды сұрайды.

«Біз де сол көрші жас жігіттен күдіктеніп жүргенбіз. Айым онымен ешқашан араласқан емес. Ол туралы не айта аламын? Ол – маньяк. Оның бірнеше рет қылмыс жасағанын білемін», – дейді қайтыс болған қыздың анасы Зимхан Ибраимова.

Айым Ұлтомбаева өткен жылы 12 қыркүйекте Жарма ауданы Шар қаласында жоғалып кеткен, оның мәйіті жақында қала сыртынан табылды. Оның жер бетіне шығып қалған қолын сол арадан өтіп бара жатқан адам байқап қалған.

Загрузка...