Сирияға 600-ден астам Қырғызстан азаматы кеткен

42 просмотров

Сириядағы әскери қимылдарға қатысып жүрген қырғызстандықтар саны 600-ге жетті. Бұл туралы «Азаттыққа» Қырғызстан ұлттық қауіпсіздігі мемлекеттік комитетінің баспасөз хатшысы Рахат Сулайманов хабарлады.

Оның айтуынша, Қырғызстанның 70-тен астам азаматы сол елде қайтыс болған. Бұған қоса Сириядан оралған 20 азамат анықталды. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Ресми мәлімет бойынша, Сирияға кеткен 600 жүзден астам қырғызстандықтың 100-і өйелдер екен.

Загрузка...