Шымкентте Қадір түні қарсаңында бірқатар қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдап жатыр. «Гринбасс» серіктестігінің басшысы имамдармен ақылдасып, Ораза айында осындай қайырымдылық шарасын өткізуді ұйғарыпты.
Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.
Өңірдегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда белсенділік танытып жүрген қоғамдық көлік компаниясының ұжымы қымбатшылық кезеңде жерлестерімізді қолдау мақсатында осындай игі бастаманы көтеріп отыр.
«Южавтотранс» қауымдастығының президенті Дархан Қаюповтың мәліметінше, бұлар — №78 бағытта мемлекеттік нөмірі 493, №92 бағытта — 417 және №74 бағытта мемлекеттік нөмірі 269 автобустар.
Еліміздің барша мұсылман қауымы Қадір түнін шілденің 1-нен 2-не қараған түні өткізетінін айта кетелік.