Шымкенттен шыққан алты жасар каратист әлем чемпионы атанды

77 просмотров

Мумбаида каратэден өткен әлем чемпионатынан Шымкенттің екі өкілі алтын медаль алып келді: 28 жастағы Жанбота Тәшенова мен небәрі алты жасар Джаноб Гафуров, айды аспанға шығарды, деп жазады Otyrar.kz.

Алты жасар каратист сонымен қатар ката өнері бойынша да күміс медальға қол жеткізіпті.

«Біздің ұлымыз Үндістанда Қазақстанның намысын қорғады, болашақта баламыз жүрген жерінде қазақтың  туын әрқашан биік көтеріп жүрсе екен деп үміттенеміз!» — деді Джанобтың әке-шешесі.

Жалпы, Қазақстанның каратэшілері бұл әлем чемпионатында өте жақсы өнер көрсетті. Біздің 15 спортшымыз 22 алтын медаль жеңіп алды.

2016092900312795289_vlcsnap-2016-09-28-13h53m39s199

1475087592_b4056b88-7094-4cb2-9303-b0f110eab387

Загрузка...