Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

1-сыныптар “үштілдік” білім беру жүйесіне көшті деп адастырып жүрген кім?

433

Бірақ ата-аналардың басым бөлігі осыны жаңа реформаға балап, теріс түсініп алып жүрген секілді, – дейді ол.

Дереккөздің айтуынша, жаңа реформа, ең алдымен төменгі емес, жоғары сыныптарды қамтиды.

– Мысалы, белгілі бір пәндерді ағылшын тілінде оқыту жүйесі ресми түрде айтылып жатқандай, 2019 жылы қолға алынбақшы.

Онда да бұл арада күштеу немесе міндеттеу деген жоқ. Мұндайда 10-11 сыныптың оқушылары өзі таңдау жасайды.

Мысалы, 10-сынып оқушысы “Мен алгебраны ағылшынша оқығым келеді” деуі мүмкін. Өйткені ол шетелдік оқу орнына құжат тапсырғысы келетін шығар. Яғни,

бұл арада оқушы таңдау жасайды. Ал мұғалімдер оқушының осы сұранысына дайын болуы тиіс,

– дейді ол.

Дегенмен, тілді білу ұстаздарға міндеттеліп, олар арнайы курстан өткізіліп жатқанын министрліктегі дереккөз растады.

– Тілді оқып жатыр, онда да жоғары сыныптың мұғалімдері. Бұл – 2019 жылға дайындық.

Яғни, олар тіл курсынан өтіп келіп, сабақ беріп кетпейді. Тек тіл емес, министрлік өз есебінен кәсіби деңгейін арттыру үшін ұстаздарды білімін жетілдіруге оқуға ұдайы жіберіп отырады, – дейді ол.

Айта кетсек, кеше ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева ұстаздардың республикалық тамыз кеңесінде Қазақстанда үштілділік 2019 жылдан бастап кезең-кезеңмен енгізілетінін, ал мұғалімдердің үш тілде білім беруге дайындығы 2018 жылдан бастап бағаланатынын мәлімдеген болатын.

Дариға Назарбаеваның айтуынша, үш тілде сабақ беру кезең-кезеңімен, алғашқыда 2019 жылы 10-11 сыныпта қолға алынады.

Міне, осы хабардан соң жерді жалға беру мерзімін 5 жылға шегерген секілді, білім беру саласына үштілділікті енгізу де кейінге шегерілді деп көбіміз қуанып қалып едік.

Алайда бүгін әлеуметтік желіде „Биыл ШҚО мектептері үштілді білім жүйесіне көшеді„ деген жазбаны көріп, қайтадан көңіліміз қамығып қалды.

„Үштілді білім беру жүйесіне көшу жаңа оқу жылынан, яғни, 2016 жылдың 1-қыркүйегінен бастап (пилоттық жоба бойынша) кезең-кезеңмен жүзеге асады. Яғни, биыл бастауыш сыныптар үш тілде оқуды бастайды.

Жоғарғы сыныптарда енгізілмейді, олар əдеттегідей қалыпты бағдарлама бойынша білім алуын жалғастырады„ деп жазады Facebook-тегі жеке парақшасында Аида Жабагиева.

Сондай-ақ ол Шығыс Қазақстан облысында үш тілді білім беруге көшудің кешенді жоспарын жүзеге асыруға 1,4 млрд теңге бөлінгенін де атап өтеді.

Алдында да БАҚ беттерінде биыл 1-сыныптан бастап үш тілділік білім беру жүйесі енгізіледі деген пікірлер жарияланған.

Осыдан келіп, кеше министр айтқан биыл қолданысқа берілетін

1-сыныптың бірыңғай оқулығы осы үштілділікті қамтуы мүмкін бе деген заңды сауал туындайды.

Бұл күмәнімізді де министрлік өкілі сейілтіп тастады.

– Биыл 1-сыныпқа арналған бірыңғай оқулық жарық көрді. Оның да үштілділікке еш қатысы жоқ. Ол мазмұндық жағынан ғана өзгеріске ұшырады.

Өздеріңіз білесіздер, әр мектеп бізде әртүрлі баспаның, бір-бірінен біршама өзгешелігі бар оқулықтармен оқитын. Өйткені министрлік бірыңғай оқулықтың үздік үлгісіне осы күнге дейін тоқтала алмай келген. Биыл осы мәселе шешілді. Енді еліміздің барлық өңіріндегі оқулықтардың мазмұны бірыңғай болады, – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз