Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шен-шекпен, ақша-пұл, той-томалақ! Біз осы феодалды мемлекетпіз бе?

123

12795087_1045979182130358_276636254039447370_o

Қуандық Шамахайұлы. Фото facebook-тегі парақшасынан алынды

Иә, ондай экономика өз бойына технологияны, білім-білікті, қосымша құнды сіңірмейді. Осы сипатымен ол экономикалық артта қалушылықты ғана соңынан ертеді.

Қуандық Шамахайұлы былай дейді:

“Экономикада ілгерілеу болмаған соң, әлеуметтік мәселелер ойдағыдай шешілмейді. Байлар мен дәулеттілер отаншылдық тәрбие атаулыдан жұрдай болмақ, бар білетіндері қарақан бастарының қамын күйттеу ғана.

Алтын-жамбыға, байлық пен олжаға отанын да, ұлтын да сатып жіберуге бар.

Оның өрмекшінің торы секілді жүйесі әлеуметтік барлық саланы қулық-сұмдығымен, алдау-арбауымен, дүниеқоңыздығымен, парақорлығымен, жемқорлығымен ірітіп-шірітеді.

Феодалдық экономика үшін білім мен біліктің құны көк тиын.

Ешкімнің еңбегі лайықты бағаланбайды, жасаған жетістігің, тапқан жаңалығың әлдебір тоғышардың олжасына айналып, айдалаға кетеді. Феодалдық экономиканың құндылықтары – шен-шекпен, ақша-пұл, сыйлық-марапат, той-томалақ. Енді аталмыш құндылықтарына жеке-жеке тоқталайық:

Шен-шекпен

жемкорҚоғам жаппай лауазымды қызмет үшін жанталасады, соның салдарынан білімсіз надан, залым-зұлымдар көбеймек. Шенге жеткісі келгендер билік иелеріне жағымпазданып жалпақтайды, оның жолында біреулерге қастандық жасайды, алдап-арбаудың неше түрлісін қолданады. Қалай да биліктегі сырмақтың шетіне ілігуге тырысады. Оған жетіп алған соң, білім атаулыдан құралақан пенде не істемейді, пасық қулықпен, залымдықпен айналасындағының бәрін сатады, отанына опасыздық жасайды, сөйтіп мемлекетті банкротқа отырғызады.

Ақша-пұл

Олар өз лауазымын пайдаланып, қандай жолмен болса да ақша-пұл жинауды мұрат етеді. Себебі өздерінің былық-шылықтарының ізін өшіруге ақша керек және онымен қалаған лауазымын сатып алуға болады. Ақшадан ақша тудыратындар көбейеді. Халыққа үстемелеп, өсімдік пайызбен ақша таратады. Төлем қабілеті жоқтардың үй-жайлары мен мал-мүлкін сыпырып алып, тентіретіп жібереді. (Бұл енді біздегі екінші деңгейдегі банктер ғой).

Сыйлық-марапат

Жұрттың ашу-ызасын басу, алдап қою үшін сый-марапаттар таратылады. Отаншылдарды, қатардағы азаматтарды, мемлекет, қоғам қайраткерлерін орден, медальдармен ауыздарын ұрып, абыройларын сол кішкентай темірдің құнынан да төмендетіп жібереді. Оны кеудеге таққандар билікке кіріптар болып, жағымпаздыққа көшеді. (Оны бүгін де көріп жүрміз).

Той-томалақ

Түрлі тойлар мен мереке-думанды қаптату феодалдар үшін өздерін қорғаудың, қылмыстарын бүркемелеудің таңдаулы тәсілі. Халықты бірер сәт ішкізіп-жегізіп, мәз ғып қояды да, өз ұпайларын түгендеп алады. Осындай қоғам білім, экономика, технология, әлеуметтік, этикалық, эстетикалық жағынан артта қалып, елдің дамуын кері тартады және келешегін тығырыққа тірейді”.

pogudx7nv3vvf6k53.22579cc4

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз