Үш азаматтың мерт болғанына байланысты Алматы облысы басшылығы пікір білдірді

3 234 просмотров

Үш бірдей адамның өліміне қатысты тергеу жұмыстары Алматы облысы басшылығының назарына алынды. Бұл жайлы Алматы облысы әкімінің орынбасары Бахтяр Өнербаев мәлімдеді.

— Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Марқұмдарды іздестіру жұмысын Алматы облыстық ІІД бастығының орынбасары Нұрлан Мәсімов басқарып, оған аудандық және облыстық тәртіп сақшылары жұмылдырылған болатын. Қазір қылымысқа күдікті екі азамат қамауға алынды. Жоғалған азаматтардың мәйіті табылды. Бұл іс облыс басшылығының жіті назарына алынды, — деді Өнербаев.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасарының сөзіне сүйенсек, қаза болғандардың туған-туыстарына көмек көрсету жөнінде аудан әкімдеріне тиісті тапсырма жүктелген.

Дереккөз: qamshy.kz

Загрузка...