«Әсер алып, шабаттан». EXPO-ның мақсаты қазақты мазақ ету ме?

579 просмотров

Тағы да қазақты мазақ етті. Аты дардай дүбірлі жиынның жарнамалық билбордындағы қазақша мәтінде қате жүр. „Әсер алып, шабаттан!„ Бұл — Қазақстан өткізгелі жатқан EXPO-2017 халықаралық көрмесінің жарнамасы.

Бұл суретті Фейсбуктегі жеке парақшасына салған саясаттанушы Айдос Сарым оны Алматыдағы метрода түсіріп алғанын айтады.

„Шабыт, шабыттан дегенді білетін едім. Шабат деген не еді? Еврейше — сенбі енді. Жаңа метродан көріп қалдым. Экспоның ғұламалары бар ма, түсіндіріп беретін? Əлде көрмеміз діни шара ма? Əсер алып жатырмын, қазірден-ақ!„ деп жазады ол.

Иә, бұл арада бір әріптен қате кетіп тұрған секілді. Егер шабыттан дегенді айтқысы келгендері болса, әрине.

Көшедегі көпе-көрнеу жарнамалардың бірі болса, жарайды. Әлемнің түкпір-түкпірінен сан мыңдаған қонақпен қатар тілшілер қауымы да жететін халықаралық көрме ғой, бұл. Оның насихаты кезінде әлемнің БАҚ-тары осы жарнаманы да қамтыры сөзсіз.

Ондайда, әрине, Қазақ елін әлемге дәріптеуді мақсат еткендер, қазір ескертіп, көзге шұқып көрсетіп, бұл масқараның алдын алмасақ, қазақ тілін, қазақ халқын мазақ еткендерін де білмей қалатын түрлері бар секілді.

Шетелде тұратын ағайыннан ұят қой. „Оууу, Қазақ елінде мына жарнаманың қазақшасындағы қатені түзер біреу табылмады ма„ — дейді ғой олар. Сондықтан осы масқараға жол бермес үшін EXPO басшылығынан, Ахметжан Есімов мырзадан әріп қатесін түзеуді сұраймыз. Кешірім сұрауды да ұмытпасын.

 

Загрузка...