Сарыағашта 320 орындық балабақша пайдалануға берілді

26 просмотров

Кеше, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесінің аясында Сарыағаш қаласының Самал мөлтек ауданындағы №30 бөбекжай балабақшасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Бұл турасында ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Нысанның ашылу рәсіміне аудан басшысы Қ.Әбдуалиев, «Нұр Отан» Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Тұрсынбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Сүлейменовтер қатысып жаңа ғимараттың лентасын қиды.

Балабақша 320 орындық, құрылыс  жұмыстары 2014 жылы басталып 2015 жылы тапсырылған. Республикалық бюджеттен 529 млн 988 мың теңге қаржыға салынған. Заманауи үлгіде салынған балабақшада толық құрал-жабдық, бүлдіршіндерге арналған жиһаздармен қамтамасыз етілген.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында берген тапсырмасына сәйкес «Балапан» бағдарламасы бойынша Сарыағаш ауданы аумағында 28 мемлекеттік, 162 жекеменшік балабақша мен 30 шағын орталық жұмыс істеп, аудан бойынша балаларды балабақшамен қамту деңгейі 83,4 пайызды  құрап отыр.

600_144

 

Загрузка...