Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Сарапшылар: Ескі Салық кодексі ме? Қой, онымен құрдымға кетеміз!

232

 

15129544_10154234753433789_7563524443092180295_o-e1479448489377

Бизнесмендер мен ҚР ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаев жаңа Салық кодексін талқылау үстінде

«Жаңа салық кодексі базардағы сатушыдан супермаркеттің бас бухгалтеріне дейін баршаға түсінікті болады» — болашақ өзгерістерді сарапшылардың бірі осылай сипаттады.

«Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы қамқоршылар кеңесінің төрғасы, сарапшылар тобының мүшесі Рақым Ошақбаев атап өткендей,

бүгінгі Қазақстанда кәсіпкерлерді еңбекақыны конвертпен беруге итермелейтін салықтардың санына жетпейсің

 

15138527_1248580835213135_2542072608150807430_o-e1479449417827

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев: «Қазір біз бизнеске түсетін қаржылық ауыртпалықтарды төмендету бойынша белсенді жұмыс атқарып жатырмыз»

Бізге бәрін қамтитын бір әмбебап салық қажет

PricewaterhouseCoopers (Дүниежүзілік банк әдістемесі) рейтингісіне сәйкес, Қазақстан міндетті төлемдерді төлеудің жеңілдігі жағынан әлемде 18-орында (барлығы 20 орын). Рейтингті құрастырушылар республикада барлығы салықтың 7 түрін анықтапты.

— Алайда, егер Дүниежүзілік банктің әдістемесін алмай, тереңірек үңілсек, бізде жеті емес, салықтың 13 түрі бар екенін көреміз. Сондай-ақ бізде міндетті төлемдердің басқа 16 түрі бар, оған төлеуге міндетті бюджеттен тыс төлемдердің 7 түрін қосыңыз. Сөйтіп, барлығын қосқанда, бізде салық пен міндетті төлемдердің 36 түрі бар, — дейді Ошақбаев.

Салықтың 36 түрі — бұл өте көп. Мәселен, Грузияда салықтың небәрі 7 түрі бар

Украинада еңбекақы қорының барлық салықтарын біріктіру және оларды 20 пайызға дейін төмендету жөніндегі реформаны талқылап жатыр. Бізге неге солай істемеске? Бізде осы салықтардың барлығын бір салыққа біріктіруге және 10 пайызға төмендетуге болады ғой (бұл жерде әңгіме жеке табыс, зейнетақы, әлеуметтік салықтары, сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру қоры туралы — ред.). Орта бизнесті ынталандыру мақсатында бізге осындай қадамға баруға болады, — дейді экономист.

Тағы бір өткір мәселе — шағым айту.

— Кәсіпкерелердің шағымданатын жері қалмады! Ауданға шағымданасыз, аудан оны облысқа жеткізеді. Іс сонымен бітеді. Амал жоқ, сотқа барасыз.

Статистика сот шешімдерінің 10 пайыздайы ғана салық төлеушінің пайдасына шешілетінін көрсетті,

— дейді күйінген Абылай Мырзахметов. — Қазір бұл институт, яғни, мәселе Салық кодексіне енгізілді. Келесі жылдан бастап ол Мемлекеттік кірістер комитетінен Қаржы министрлігіне берілетін болады. Тәуелсіз сарапшылардан жасақталатын салық комиссиясын «Атамекен» құратын болады.

Шағын және орта бизнес «соқыр» төлемдер жасамау керек

Жазалаушы салық жүйесін дереу өзгерту керек дегенмен экономист Денис Кривошеев те келіседі.

— Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы «Атамекенмен» келіспеу мүмкін емес. Өйткені

бізде салық төлемдері есебінен еңбекақыға түсетін салмақ 2020 жылға қарай орта есеппен 50 пайызға дейін өспек!

20151117_01_33_02_74140-e1479448805995

Денис Кривошеев

Мұндай жағдайда, тіпті, еңбекке жарамды халықтың табысының өсуі екіталай, — деген пікірде экономист.

Әзірге кері тенденция орын алған болатын: еңбекақының зат сатып алу қабілеті екі есе қысқарды. Көпшіліктің сатып алу қабілеті құлдырауда, ендеше, үкімет ұсынған ешқандай бағдарлама жұмыс істемейтін болады.

Сөйтіп, классикалық ахуал қалыптасады – табыс азаяды, сұраныс құлдырайды, ал баға өрлейді. Осындай әр айналым сайын алшақтық ұлғая түседі. Бұл арада біз бір нәрсені түсінетін боламыз: экономиканы нақты ақшамен «толтырмай», қалыпқа түсу мүмкін болмайды. Ал ақшаны алатын жер жоқ.

Өкінішке қарай, салықтарды өсіру өмір сапасын арттырмайды, инфрақұрылымды жақсартпайды, медицина мен білім беру саласы құлдырауда.

Сондықтан Салық кодексін өзгерту ғана емес, сондай-ақ салықтарды қарастырудың тәсілдемесін өзгерту қажеттігі туындады

Табыс көзінен салық өндіру тәжірибесінен бас тарту қажет. Бұл кәсіпкерлердің өмірін біз түсінбейтін деңгейде жеңілдететін болады. Салықты табыс табатындар төлеу керек.

Салықты есептеудің жазалаушы жүйесі бізге кеңес үкіметінен қалды, бірақ ол кезде ол өзін өзі ақтайтын. Ақшаны орталықтандырылған түрде өндіре отырып, ол үшін үлкен жеңілдіктер берілетін. Мәселен, халыққа тегін медициналық қызмет, пәтерлер, бала бақшалар ұсынылып, еңбекке жарамсыздығы бюллетеньдері бойынша еңбекақы 100 пайыз төленетін. Қалғанының барлығы қулық болатын.

Міне, осындай жағдайды өзгерту — шағын және орта бизнеске жол ашу деген сөз. Ол көптеген қызметтерді қолжетімді етіп, сақтандыру медицинасы, салық және әлеуметтік салықтар өзін өзі ақтайтындай жағдай тудырады.

Дереккөзі: kaz.365info.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз