Санжар Мәдиев әке атанды

74 просмотров

Отандық актер Санжар Мәдиев әке атанды.  30 жастағы қазақстандық актер қызды болғанын қуанышпен жар салды.

Бұл туралы juldizdar.kz хабарлайды.

«Не жазу керектігін ұзақ ойлана келе, келесі сөздерді жазуды ұйғардым: енді менің өмірім ешқашан бұрынғыдай болмайды, себебі өмірімде енді кішкентай қыз бар. Мен оны шамам жеткенше, тіпті шамам жетпесе де барынша қорғайтын боламын. Мен әке атандым. Үнемі жаныңнан табыламын! Әрдайым маған арқа сүйеуіңе болады! Сен – менің өмірімсің! Біресе маған, біресе жарыма ұқсап кететін кішкентай ғажайып үшін Жаратқанға алғыс білдіремін! Мен сендерді өте қатты жақсы көремін», – деп жазған актер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетерлігі, Санжар Мәдиев – «Қызғылт қоян туралы хикая» фильмі арқылы танымалдылыққа ие болған отандық актерлердің бірі.

Загрузка...