Рио олимпиадасына әлем бойынша 10 500 спортшы қатысады

45 просмотров

Рио олимпиадасы өтетін спорт нысандарының арасында қала аумағындағы төрт стадион кіріп отыр. Олар Барра, Копакабана, Деодоро және Маракана стадиондары. Бұлардың ішінде Барра олимпиада өткізетін негізгі орталық болып саналады. Копакабанада триатлон, жағажай волейболы, жүзу, желкенді спорт түрлері бойынша жарыстар өтеді.

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Деодорода жанкүйерлер ат спорты, бессайыс, нысана көздеу, семсерлесу спортының сайыстарын тамашалай алады. «Марио Филью» стадионы олимпиада өтетін ең ірі стадионның бірі болмақ. Мұнда 78 мың адамның бір мезетте олимпадалық спорт түрлері бойынша сайыстарды тамашалауына мүмкіндік бар. Ал «Маракана» стадионында олимпиаданың ашылуы мен жабылу салтанаты және футболдан финалдық ойын өтеді. Жеңіл атлетикалан олимпиада тарихында алғаш рет бәсекелер негізгі стадионда өтпейтін болды. Спорт төресі саналатын жеңіл атлетиканың бәсекелері Жоао Авеланжа стадионында басталмақшы.

Сонымен қатар, Бразилияның Белу-Оризонти, Сальвадоре, Сан-Паулу және Бразилия қаларында футболдан олимпиадалық турнирдің кездесулері ұйымдастырылады.

Рио олимпиадасы тамыздың 5-21 күндері аралығында Рио-де Жанейро қаласында өтеді. Оған әлемнің 206 мемлекетінен 10500 спортшы қатысады деп күтілуде. Әлем спортшылары спорттың 33 түрінен 306 медальды сарапқа салмақ. Ал Қазақстан атынан бұл сынға 104 спортшы жолдама иеленіп отыр.

Загрузка...